Айгүл Иманбаева бриллиантымен мақтанды

0
20

Жақында Ақбота Керімбекова келін түсіріп, дүркіретіп тойын берді. Оның бас қолдаушысы, ұлының кіндік шешесі Айгүл Иманбаева тойдан құр қол кетпепті, деп хабарлайды Democrat.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.

«Мен Ақбота Керімбекованың үйінде байлықтың астына малынып отырмын. Құдалардан сыйлық, Мәдөктен сыйлық дегендей. Ақботаның аты – Мәдөк! Халқым, біліп жүріңіздер. Не болса да, сыйлықтың астында көміліп, тіпті, өзімнің бриллиантым ойнамай қалды», – деді әртіс.

Желі қолданушылары жұғысты болсын деп, құттықтап жатыр.

«Игілігіңізге пайдаланыңыз, құтты болсын», «Қуанышты бөліссең, көбейеді», «Бақытқа лайықты», – деп жазады олар.