«Діни ағымның түпкі мақсаты — Ауғанстан мен Ирандағы секілді саяси билікті басып алу» дейді журналист

0
311

Әлеуметтік желіде тараған Түркістан облысындағы Фирдоуси мектебіндегі хиджабты оқушыларға қатысты танымал журналист Ораз Әлімбеков діннің нақты мақсатына қатысты пікірін айтты деп жазады Democrat.kz.

Өз жазбасында журналист: «Діни ағымдардың түпкі мақсаты — Ауғанстан мен Ирандағы секілді саяси билікті басып алу. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) қазірдің өзінде білім саласына қатты ықпал жасап отыр.

Ақорданың идеологиялық секторы да ұлтты ұйыстыратын идея ұсына алмай отыр, қоғам қондырмасындағы босап қалған орынды діни сана жаулап алды.

Мақсатты ішкі және сыртқы саясат жоқ жерде осылай болатынын тарих талай мәрте дәлелдеді. Дін істері комитеті де мүфтияттың жетегінде кетті.

Мүфтияттың медреселері мен «Нұр-Мүбарк» ислам университетін бюджеттен ондағана миллиард теңге бөліп қаржыландыруы — осының дәлелі.

Мұндай өрескел заң бұзу Конституциялық дағдарысқа апаратыны анық. Бұған бас қатырып жатқан ешкім жоқ.

Шенеуніктерде мемлекетшілдік сана өшіп барады, әйтеуір ішіп-жеп, қарпып асап қалсақ деген ой ғана… Осындай кезде «Біз ел боламыз ба?!» деген күмәнді ой туады», — деп жазды. 

Фото көрнекілік үшін.