Әкім Талғат Малыбаевтың Боралдайда батпаққа батқан жұрттан хабары бар ма?

0
53

Алматы облысы, Алатау ауданы, Боралдай кентіндегі жағдайға қатысты әлеуметтік желіде боралдайлық тұрғындардың видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.

Алматы облысы, Боралдай ауданының тұрғыны жариялаған видеода батпаққа батқан Боралдайдың сұмдық жағдайы баяндалады. 

«Аудан әкімі Талғат Малыбаев, Боралдай ауданының мына жағдайынан хабарыңыз бар ма? Дәл қазір аудан әкімдері есеп беріп жатыр. Бәрі керемет деп статистиканы айтып жатсыздар. Балаларымыз сабаққа барып келгенше, балшыққа батып, үсті-басы малмандай болып келеді», — дейді боралдайлық тұрғындар.