Білім беру саласында қанша педагог-әйел жұмыс істейді?

0
82

Оқу-ағарту министрлігі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстанда білім беру саласында қанша педагог-әйел жұмыс істейтіні туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Democrat.kz Оқу-ағарту министрлігінің ресми Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Министрлік ұсынған статистикаға сүйенсек, Қазақстанда педагогтердің 82,1 пайызы – әйелдер.

Білім беру саласында 484 788 педагог-әйел жұмыс істейді. Олардың ішінде:

  • 100 750 – мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында;
  • 334 641 – орта білім беру ұйымдарында;
  • 2 444 – түзету-білім беру ұйымдарында;
  • 13 113 – қосымша білім беру ұйымдарында;
  • 29 025 – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында;
  • 3 815 – арнайы білім беру ұйымдарында.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Оқу-ағарту министрлігі кейінгі бес жылда елімізде педагогтердің жалақысы қалай өскенін мәлім еткен еді.

Министрліктің мәліметінше, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда мұғалімнің орташа айлық жалақысы 1 мөлшерлеме үшін (16 сағат) 352 мың теңге, ал ауыл мұғалімдері үшін 435 мың теңгені құраған.

Бұл ретте Ұлттық білім беру деректер базасының мәліметінше, еліміздің педагогтерінің жартысы 1,5 мөлшерлемемен (24 сағат) жұмыс істеп, айына орташа 581 мың теңге жалақы алады.