«Мадияр Серікбаев дін жолына осылай түсіп кетті» дейді өнердегі ұстазы

Танымал ұстаз Оралхан Сейдманов актер, “Өнер қырандары” театрының жетекшісі Мадияр Серікбаевқа қатысты құпияны айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дін өкілі актердің студент кезінен сыр шертті.
“Мадияр мырза оқып жүрген кезінде Таугүл мешітіне келіп, тегін тамақ жеп кететін. Қасына достарын ертіп келіп, уағыз тыңдайтын. Сөйтіп жүріп дін жолына түсіп кетті. Кинода да соны әдемі сомдаған. Қателегінен сабақ алуын киносына кірістірген. Одан кейін тағы бір керемет эпизод – анасымен қарым-қатынасы. Өмірде Мадияр өнер деп сыртта көп жүрді. Сол кезде анасы дүниеден өтті. Жаназасына қатысып қана үлгерді. Оны да киносына кірістірген. Жігіттердің фильмі өте әсерлі шыққан”, – деді ұстаз.
Айта кетейік, бизнесмен Ахметбек Нұрсила аталған туындыны аяусыз сынап тастаған еді.
“Молда» сияқты қараңғылыққа апаратын киноға 1,5 сағатыңды құртпау керек. Сценарийі 3-4 сыныптағы оқушылардың спектаклі сияқты екен. Ойдан құрастыра салған оқиғалар, ешбір қисынсыз, қараудың өзі ұят, ыңғайсыз. Бандиттің рөлі – баланың ойыны. Сөзі, қимылы әрекеті – жабайы. Өмірде ондай болуы мүмкін емес. Оқиға қиялы мүлде шындыққа жанаспайды”, – деген еді қоғам белсендісі.