«Қазақпын деген адам — мұсылман емес!» дейді діндар

0
1930

ТикТок әлеуметтік желісінде Ислам дінін орыс тілінде уағыздайтын келесі діндар ұлтыңды айтсаң, мұсылман емессің деп айды аспанға бір-ақ шығарды деп жазады Democrat.kz.

«Біріншіден, қазақпын, сосын мұсылманмын дейтіндер бар. «Қазақпын» деу — өз ұлтын дәріптеу болып табылады. Ал өз ұлтын басқалардан биік қойып мақтану — мұсылманға жат дүние.

Мұсылман дегеніміз — бағынған, табынған адам дегенді білдіреді. Яғни, Аллаға табынушы. Демек, мұсылман үшін Алланың сөзі бәрінен де биік болмақ.

Ал алдымен «мен қазақпын» сосын мұсылманмын дейтін адам ең бірінші өзінің ұлттық салт-санасын, ұлттық құндылықтарын Алладан биік  қоятын адам.

Сондықтан мұндай адам мұсылман, яғни бір Аллаға табынушы бола алмайды. Алла туралы, пайғамбар туралы айтқан кісіге «біздің ата-бабаларымыз да олай еткен, былай еткен» дейтін кісілер бір кездегі меккелік көпқұдайшылардан айырмашылығы жоқ», — деген діндар ұлтын мақтан тұтатын адам мұсылман емес деп, әдеттегідей әңгімесін өліммен қорқытумен аяқтады.

Фото интернеттен.

@almaigne

♬ original sound — Powerful Muslim 🇵🇸