«Абай — қазаққа үлгі емес, Абай — қазақтың қас жауы» дейді қоғам белсендісі

Facebook әлеуметтік желісінде ұлы ақын Абай Құнанбаевқа қатысты қызу пікірталас бой көтерді деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желі қолданушы Kayrat Rekaz өзінің парақшасында: «Қазаққа Абайды Әулие деңгейден Адам деңгейге түсіретін кез келді. Тобыр ойланбай оның орыс пен арабқа сүйіспеншілігін өмірлік АҚИҚАТ деп сеніп кетті. Абайдың өзіде боқ көтерген боқтың қабы екенін ұмытты» деп жазды.
Осы жазбаға орай желі қолданушылардың басым бөлігі «Абай- қолдан жасалған ұлы тұлға» дегенге саятын пікір жазуда.
Назарларыңызға сол пікірлерді біразын ұсынуды жөн санадық.
«Интернеттегі талас-тартыстарды қарап шықсаң, Абайдың қара сөздері өзгелердің ойын терістейтін таптырмас керітартпа идеологиялық қаруға айналған, әсіресе жастардың арасында. оларда мүлде тәуелсіз ойлау қабілеті жоқ, не берсе соны жейтін қамаулы малға айналған. ақпараттарды жеке сұрыптау қабілеті жоқ, абай айтқан десе жүгіне салуға дайын. 19-шы ғасырдағы адам 21-ші ғасырдағы адамға ақыл айтса онда біздің ұлтта болашақ жоқ. Бір де бір ғылыми заңдылық жөнінде ауыз ашпаған, құр сөз сөйлеген адам Қазаққа үлгі болмайды, егер менікін бұрыс десең онда сен әлі Ұлы Адамның не екенін білмейтін жансың. көзіңді ашып мықты ұлттардың Ұлыларына қара, сенің аузыңдағы Ұлы олардың әлеміндегі Көрермен, Тыңдарман деңгейінде ғана».
«сізді білмейді екенмін. «Абай — қазақтын қас жауы» — деп, мен 9 жылдан бері айтып жүрмін осында. Дәл сол 2016 жылдын көкек айында «Facebook»-те тіркелгеннен бері».
«14 жасымда қара сөзіндегі “орыстың құлыда, күңіде болуға жарымайды”дегенін оқыған соң жүрегім зырқ ете түскен. білімімнің таяздығынан көпке қарсы шыға алмадым, есеие келе күдігім растала берді, бұл “Абай” Қазақтың ойлау жүиесіне басылған Pause екеніне көзім жетті. мұның ойы Қазақты мәңгі 19 шы ғасырда қамап тастайды. өзің сияқты бірдей көзқарастағы жандарды кезіктірдім, бірақ шынымен көп емес, 90% адам ергіш қой өзінде тәуелсіз ойлау жоқ».
«Мәселе Абай Атамызға тиіспей тыныш жүру керектігінде!»
«Абай орысқа да, арапқа да жыққан жоқ ешкімді. Адам болуға шақырды. Оның сөздері санамызға Алтын Әріппен жазылып қалғанын ешкім жоққа шығара алмайды».
«Абай айтқан екен!»- деген сөзден 20- Ғасырдың Рухани Құндылықтарың Символы болып қаншама Тұлғалар шықты, Қазақстан Шекарасы шегенделіп, Әлемге танылған Егемен Ел болып қалыптастық! Халық кедей, ашаршылық, соғыс, бодандық зұлматтарында жүріп нығая білді. Ал біз бүгінгілер туралы айтыңдаршыыы!»
«21- Ғасырдың Символы деп кімді Тұлға деп құрметтеп жетістіріп жүрміз? Нені көрсетіп мұра қылар құндылық тұтамыз?»
«Сәнді жылтырАқ өмір, соғыс жоқ, ашаршылық жоқ, бодан емеспіз…»
«Бар қайғымыз-«кімге құл боп жүреміз екен?» Орыс- жаман, қытай- жаман, арап- жаман»… Америка жаман, европа — жаман…»
«Соны әңгіме қылмай…»Абайлап» сөйлеп жүріп отар, бодан ел боп жүріп кешегі Қазақ -21ші Ғасырға Әлемнің Өркениет биігіне жетелеп шығарды бізді. Біз не істеп жүрміз?»
«Барлық Тұлғаларымызды сол сатыдан төменге құлатып, қасиетімізді тып- типыл қылумен әуреміз! Не керек аруақтармен алысып? Бүгін, -ертең,- арғы күні не істейміз? Ертең аНалогов нет!*- деп Тоқаевты жигулимен президенттікке мінгізіп апарамыз ба тағы? Әлде -«ТағыОйндыАлған*- орысшыл…қытайшыл, арапшыл біреуді- мәҚұл!*- деп бере сала ма көктен??? Сонымен неге айналыспайсыңдар? Не керек өткенге өкініп?»
«Менде солай ойлаймын Ресей старшин хорунжи және хандық жүйені жойюға арналған жалған «Аға Сұлтан» шенін таққан ру — басы Құнанбай баласын дәріптеуді тоқтату керек».
«АБАЙ неге Ресей империясы Қазақ қыздарын құлдыққа сатқан туралы жасырып қалды. Неге қара сөздерінде шындық жазғанда тек — қана Қазақты жамандай бермей».
«Абайды қазақтан жоғары қоятын дүмше топастар бар. Абай сол заманның қазақты менсінбеген президенттің ұлы. Президент әкесі Абайды облыс әкімі қызметін алып берген. Абай ешуақытта мал бағып , уй салып , егін егіп еңбек жасамаған адам. Баласы көп жатақтарға ,бала тума деп қарғап сілеген. Ол кезде бала тоқтататын дәрі , сақтану құралы жоқ, еркек әйелінің маткасын қолымен тігіп , өлтіріруден басқа амал жоқ. Қәзір әкім балалары ағылшын, орысша сөйлегенді абырой көреді, Абайда абырой көрген. Өз ұлттына тіл тигізген, содан бүкіл ұлы өліп қалды. Ұлттан адам биик болмайды. Шыңғысхан, Еділ қаған сияқты ұлы тұлғалар ұлттан жоғары тұрмайды. Абай ақын болды дегенге күмән бар. Абай болыс болған, ақын болды деп айту үшін оргинал қолжазба болу керек. Қолжазба жоқ. Қолжазба жоқ адам ақын бола алмайды».
«Негізі имамдардың уағыздарына да ұқсайды, қазақты түкке тұрғысыз зат сияқты етіп қойған».
«Әсіресе мәңгүрттер Абайдың қара сөзінен мысал келтіруге шебер. Мақсаттары өздерінің арабқұл-орысқұлдығын ақтап алу».
«Абай әрине айтар жоқ дара тұлға».
«Бірақ оқу керек, сынау керек, талқылау қажет, күмәндану керек. Батыс елдерінде талқылауға болмайтын тұлға жоқ. Бәрін талқылап, айтқан ойларын теріске шығару қалыпты жағдай. Бір тұлғамен тоқтап қалса даму да тоқтайды».
«Абайды оқып әркім өз түйінін жасайды. Абай-Әуелі билеуші таптан. Кедей болмаса да тобырмен алысқан адам. 19 ғасырдағы тобырмен! Әрине заманауи адам оны түсінбеуі заңдылық»
«Қазірде кез келген байдың баласы алтын ордадағы мәдениетсіз Қазақты сындай алады, онысызда сындап жүр. әңгіме қолында ештеңе жоқ қара Қазаққа жауапкершілікті арта салу өте оңай шешім. адам тұрған орына қара Жауапкершілік арқалайды. бүгінгі жемқорлықты кеншінің қатыны шешпейді. құр сөзбен тұтас халықты ақылды қып жіберу ғылымғада сай келмейді. Қу сөз емес әрекет керек. абайдың сөздерін одан 2000 жыл бұрын тізесін шығарып өзгелер айтып кеткен».
«Абай айтарын айтып, жазарын жазып қолынан келгенше тындырып кеткендігі бастысы. Иа дұрыс иа бұрыс, шынайы ғылымға неге қатысы болмады деп несіне налимыз? Оккупациядағы елдің жағдайы басқаша ғой. Миллионың ішінен болған бір ғұлама! Жерде жатқан жоқ қой. Жасымда ғылым бар деп Ескермедім- ен далада оған кім келіп математика, физика, химияны үйретіпті?»
«Баланы оқытуға малды бердім, дүние қу, мал жина деп бермедім дейді ғой! Оның жеткен шамасы сол. Өкпелеп Ньютонның, коперниктың, фарадейдың, кьюридың жолымен жүрмедің деуге біздің құқымыз жоқ. Барман базар болған ғұлама Абай ол».
«Абайдың толық тәрбиесінде болған Шәкәрім қазіргі діншіл дүмшелердің төбе шашын тік тұрғызатын еңбек жасады. Гәп қайда десең міне. Шәкәрім Абайдың жолын анық жалғаған адам. қазіргі құдайшыл діни фанат догматиктер Шәкәрім мен Абайдың мұсылмандығын көз жұмып ескермей алыстан айналып өтеді!»
Редакциядан: Әлеуметтік желідегі бұл жазба мен пікірлер бір тараптан қарасақ, шындыққа да жанасатын сияқты. Ал енді бар жағынан алып қарасаңыз, ұлы ақынымызды түсінуге біздің санамыз әлі жетпейтіндей де көрінеді. Десек те, осынау бір пікірталасқа қатысты өз ойыңызды бөліссеңіз деген оймен жазбаны арнайы бөлістік. Сіз қалай ойлайсыз, Абай Құнанбаев — ұлы тұлға ма, әлде жай ғана өз заманындағы билігі мен байлығы бар Құнанбайдың баласы ғана ма?
Дайындаған — Хақназар САДЫРХАН.
Фото көрнекілік үшін.