Ұлттық құрылтайда мешіттегі садақа ақшасына қатысты мәселе көтерілмек

0
223

Ұлттық құрылтайдың отырысы барысында өткен секцияда заңгер, Ұлттық құрылтай мүшесі Айгүл Орынбек қоғамдағы өзекті мәселелердің бірін көтерді, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы

Ол мешіттерге жиналатын садақа қаражатының ашықтығы туралы мәселе көтерді.

— Мешіттерге садақа ретінде көп қаражат бөлінеді, бірақ оның нақты қайда жұмсалып жатқаны белгісіз. Біз бұл қаржыны қандай да бір күмәнді ұйымдарға немесе экстремистік топтарға аударып отырған жоқпыз ба? Осы мәселені мемлекет деңгейінде бақылауға алуымыз қажет, – деді заңгер.

Орынбек алдағы уақытта бұл ұсыныстың нақты нәтижесін көретініне сенім білдірді.

Фото интернеттен.