Марқұм Әбдуғаппар Смановтың соңғы сөзі жұртты күңірентті (ВИДЕО)

0
754

ТикТок әлеуметтік желісінде біздегі бүкіл мұсылман қауымның пір тұтып, қадірлеп-қастерлейтін ғұламасы болған марқұм Әбдуғаппар Смановтың «соңғы сөзі» деген видео жазба тарады деп жазады Democrat.kz.

Телефондағы дыбыстық хабарламасы болса керек, марқұм Әбдуғаппар Смановтың ауырып жатып, ентігіп, әрең сөйлеген үнін тыңдаған жүз мыңдаған кісі түрлі пікірлер жазуда.

Қайреке деген кісіге жолдаған дыбыстық жазбасында марқұм Әбдуғаппар Сманов: «Қайреке, әлбетте, бәрі Алладан. Бірақ сіздің де бір дуалы сөзіңізге мұқтажбыз қазір. Әлжаппар аға ауруханаға түсіп қалды. Кеше анализі дұрыс шыққан жоқ. Соған өзіңіздің батыл сөздеріңіз қажет болып тұр. Қайреке, естен шығармай, айтыңызшы. Білесіз бе, Қайреке, біз судың ортасында тұрмыз. Менің де жағдайым жақсы емес. Мені қойыңызшы, ол кісі кеме ғой. Бір батыл, мықты-мықты сөздеріңізді айтып, бір жәрдеміңіз керек, Алла жар болсын» дейді.

Бұл дыбыстық жазбаға қатысты ғұлама санаған марқұм Әбдуғаппар Смановты жоқтап күңіренген көпшілік, қазір осы адамның орны үңірейіп тұрғанын айтуда.

Ал кейбір кісілер «Өлім аузында жатып, Алладан, пайғамбардан емес, Қайрекеден жәрдем сұрағаны несі?», «Қайреке дегені — Қайрат Сатыпалды ғой», «Жоқ, Қайрат Жолдыбай деген кісіге айтып жатыр», «Қайрат Сатыпалдыға медиктерді сатып алсын деп жатыр ма?» деген сыңайда пікір жазуда.

Дайындаған — Әлия БОЛАТҚЫЗЫ.

Фото интернеттен.