«Балаларға бұтын уқалатқан» имамның үстінен шағым түсірді

0
733

Балаларға бұтын уқалатқан Әбдіжаппар ұстаз қазақты қалай кемсітті? Сатыбалды Әбішұлы атындағы Сарыағаш медресесінің директоры Әбдіжаппар Смановтың бұтын жас балаларға уқалатуында саяси-діни идеологиялық, символдық гәп бар.

Біріншіден, видео «Алланың үйінде» — мешітте, таң намазынан кейінгі уағыз кезінде түсірілген (бұл жерде кәмелет жасына толмаған баларды намазға (дінге) мәжбүрлеуге заң бойынша тыйым салынғанын, балалар ұйқыдан таң қылау бере оятып режимді бұзуға болмайтынын, т.б. айтып жатпаймын).

Екіншіден, Ә.Смановтың буын-буыны қақсап, жанын қоярға жер таппай ойбайлап қиналып отырмағаны белгілі. Видео Әбдіжаппардың айтуымен әдей түсіріліп, жұртқа әдейі таратылғаны көрініп тұр.

Видеоға назар салып қарасақ, Ә.Смановтың ышқыр тұсындағы қарасанын уқалап ұйқы қысып отырған жас баланың басында қошқармүйіз оюлы тақия.

Әбдіжаппардың сол жақ қарасанын уқалаған баланың үстінде де оюлы бешпент. Бұл киім үлгісі қазақтың ұлттық салт-дәстүріне сай.

Қошқармүйіз оюды қазақтың ұлттық мақтанышы десе де болғандай. Қазақ өзінің қазақ екенін көбіне осы қошқармүйіз оюмен көрсетеді.

Ал орындықта төбедей боп, бұтқа толып кекірейіп отырған Әбдіжаппардың киім үлгісі мұсылманшылыққа, әрі қарай сілтесек, араб дәстүріне тән.

Оның үстіне, дәл осы Әбдіжаппар уағызшы Смановтар әулетінің қожа екенін, қожа болғанда да «халам-балам» емес, сейіт-қожа екенін нықтап айтып, мақтанып жүр.

Сейіт-қожалар Мұхаммед пайғамбардың қанынан, немере інісі Әли мен қызы Фатимадан тарайтыны жөнінде аңыз айтып, езеуреп келе жатқан да осы — смановтар.

Егер мұны саяси-идеологиялық нарратив тұрғысынан тәпсірлесек, қазақ дәстүрі араб дәстүрімен салыстырғанда әлдеқайда кембағал, пұшайман жағдайда, өзге мәдениеттің аяғын сипалап, босағасындағы қызметшісі болып жүргендей көрінеді.

Міне, Сарығаш медресесінде түсірілген видео осы нарративті қазақ қоғамына тықпаламақ болған сияқты…

Қазақтың салт-дәстүрін, тілі мен мәдениетін мұсылмандықтан төменшіктетіп қою нарративі мүфтият ұстаздары мен уағызшылары тарапынан бұрыннан жалғасып келеді.

«Домбыра – харам», «шеше» деп баласына қарамай тастап кететін көкек әйелді айтады», «келіннің үлкенге сәлем салуы — Аллаға серік қосу» деп уағыз айтқандар да Әбдіжаппар секілді мүфтияттың арабшы ұстаздары.

Қазір «7 шелпегіңмен к@тіңді сүрт» деп ТикТокта айтылған бір ислами уағызшының сөзі үшін сот тергеуі жүріп жатыр.

Ал Әбдіжаппар ұстаздың медреседе бұтын уқалату оқиғасы бойынша, қоғам белсендісі Нургул Мухамед (Нұргүл Мұқышева) кеше зайырлы мемлекеттің Конституциясына кепілдік беретін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арыз жолдады.

Арызда мүфтият медреселерін қаржыланырып отырған( оның ішінде Сарыағаш медресесі де бар) Оқу-ағарту министрлігінің заңсыз әрекетіне тез арада тыйым салу мәселесі бар.

Бұл мәселе ертең Бурабайда өтетін Ұлттық Құрылтайда талқыланып, Президент әкімшілігі тарапынан оңды шешім шығармаса, онда Нұргүл Мұқышева Әбдіжаппар Смановты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (ұлт аразыдығын, дін араздығын қоздыру) бойынша жауапкершілікке тарту жөнінде сотқа жүгінеді.

«Демос» қоғамдық ұйымының төрағасы Turarbek Kussain (Тұрарбек Құсайынов) Сарығаш медресесінің басшылары тарапынан балалар құқығының өрескел бұзылғаны жөнінде тиісті органдарға шағымданды.

Дегенмен, Тұрарбек Құсайынов Оқу-ағарту министрлігі тарапынан мүфтият медреселеріне бөлінген миллардтаған бюджет қаржысын қайтарудың қиындығын ойлап, 9 медресені «Жомарт-Жүрек» деп аталатын балалар үйіне айналдырып жіберуді ұсынды.

Сол сияқты бюджеттің ондаған миллиард теңгесін «жұтып» қойған «Нұр-Мүбарак» ислам университетінің ғимаратын «Күлтегін» түркі мәдени орталығына» айналдыру жөнінде Президент әкімшілігіне ұсыныс жолдаған.

Осылайша қоғам белсендісі Т.Құсайынов мемлекеттік бюджет есебінен бір ғана діни ұйымды қаржыландырудың кесірінен туындаған конституциялық дағдарыстың алдын алып, оны болдырмай тастамақ.

Егер медресе ғимарттары балалар үйі формасында муниципалды меншікке өтсе, онда Қайрат Сатыбалды тобының екпінімен діни ұйымға бөлінген миллардтаған бюджет қаржысының заңсыздығы күн тәртібінен алынады, конституциялық дағдарыс болмайды.

Қазақстан қоғамы үшін осы өзекті мәселе ертең Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайда айтылуы мүмкін. Әрине, саяси шешім оңды болса, онда одан кейінгі мәселемен атқарушы билік және соттар шұғылдана бастайды…

Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.