Атыраулық имамдар ұлттық мерекеге кедергі келтіріп, арпалысып жатыр

0
121

Бүгін Атырау халқы Амал мерекесін тойлау үшін Көрісу күніне орай Исатай-Махамбет алаңына шықты. Алаңда әкімдерден бастап бүткіл шенеунік атаулы осында жүр, көпұлтты қала халқы өнерпаздардың концертін, Амал мерекесіне арналған  театрланған қойылымды тамашалап жатыр.

Дәл осы тұста алаңға жақын орналасқан мешіттен тарғыл дауыспен оқылған намаз бен уағыздың дауыс зорайтқыштан шыққан жарықшақ үні қазақтың ән-күйіне араласып кетті.

Діндарларға бәрібір, олар қазақтың ұлттық төл мерекесін тойлауға әдейі кедергі жасап жатқандай көрінеді.

Мүфтиятқа бағынышты мешіт тарапынан қоғамдық тәртіпті бұзу жиілеп кетті. Жұма намаз оқып жатырмыз деп Алматы мен Атыраудағы күре жолға жүрелеп отыра кетіп, көлік қозғалысын тоқтатып, тіпті жедел жәрдем машинасын өткіздей қаңтарып қойғаны кеше ғана.

ТикТокқа кіру мүмкін болмай қалды, ашып қалсаң, діндарлар мен мешіт молдалары «пітір садақаны мына мешітке әкеп беріңдер, мынау каспиголдқа аударыңдар» деп жан-жақтан қақсап қоя береді…

Көшеде серуендеу де мүмкін болмай қалды, мешіттен айқалап шығатын намаз бен уағыздың тарғыл үні мазаңды алады… Мұндай бассыздық қашанға дейін жалғасады?!.

Әне, молданың үні Атырау алаңында мерекені тойлауға келген халықты мазасын алып жатыр. Не ән дұрыс есітілмейді, не намазда не айтылып жатқаны түсініксіз?! Бұл не сонда, көріпкел саясаттанушалар айтып кеткендей «Мәдениеттердің қақтығысы» Атыраудан бастау алған ба?!

Ораз ӘЛІМБЕКОВ, журналист.

Facebook жазбасы.

Фото көрнекілік үшін.