«Адамдарға менің өмірім қызық» дейді продюсер Баян

0
222

Танымал продюсер Баян Алагөзова өзін үлгі тұтуға қатысты пікірін ашық айтты. Бұл туралы ол журналист Дана Нұржігіттің «My prime time» бағдарламасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Бағдарлама барысында журналист Дана Нұржігіт Баянның Queen концертіне барғаннан кейін әлеуметтік желідегі пікірлерге таңғалғанын жеткізді.

«Барлығы маған: «Дана, сіз бізге Баянды үлгі қылыңдар дейсіз бе? Ол үлгі болатындай адам ба?» деп жазып жатыр» – деді ол.

Бұл пікірлерге жауап ретінде Баян Алагөзова өзін ешкімге үлгі еткісі келмейтінін атап өтті.

«Мен мұны мың рет айттым. Мың рет тағы да айта аламын. Ешқандай жағдайда мені үлгі тұтпаңыздар. Маған бұл керек емес!» – деді продюсер.

Дана Нұржігіт одан: «Сіздің 5 миллион оқырманыңыз бар, үлгі болмасаң, кім боласың?» – деп сұрады. Баян бұл пікірмен келіспейтінін жеткізді.

«Мен тек өз өмірімді сүріп жүрмін. Ешкімді мені оқуға, маған жазылуға мәжбүрлеген емеспін. Өмір сүруді үйреткен жоқпын. Ешкімге «мен сияқты болыңдар» деп айтқан емеспін. Бірақ адамдарға менің өмірім қызық. Тіпті өзіме де өз өмірім қызық», – деді ол.