«Ұлттық дүниетанымның аясында бірігуге шақырамын!»

0
345

Араб-парсы идеологиясының өмірден өткен өкілдерінің аруақтарымен тілдесетін Жанат Бақыт секілді алаяқ «медиум» қазаққа еш керек емес.
Біле білсеңіздер бұл ханым анау тик-токер Нұрлан имам сияқты араб-парсы мәдениетін сакрализация жасап жатыр.

30-жыл бойы Назарбаев басқарған Қазақстанда бейшара қазақтың санасы әртүрлі секталар мен эзотерикалық ағымдардың жетегінде кетті.
Қазағым енді ес жиятын уақыт келді.
Ал авторитарлық билік болса қазақтың басын біріктірмеу үшін кез келген құйтырқы іс-әрекетке барады.

Оған дәлел Мұхаммедтің миғраж түні сияқты аңыз-ертегісін өзіне плагиат жасап алған Жанат Бақыт сияқты психолог-емшілердің заңсыз сайлауды ұмыттыруға арналған хайп-шоуы.

Қазағым тик-токер Нұрлан имам мен Қайрат Жолдыбай, Исматулла мен Светқали,Тазабек пен Тілеухан,Құрбанәлі мен Омар Жәлел секілді қаптаған мүфтият у-ағызшыларына қашанға дейін алдана бересіздер?

Еш сектаға бас сұқпай асыл қазыналы халқымыздың салт-дәстүрі мен Конституцияда көрсетілген зайырлылықты ұстансақ ешқашан адаспайтынымызға
кәміл сенемін және баршаңызды ұлттық дүниетанымның аясында бірігуге шақырамын!

Құрметпен:
Тұрарбек Құсайынұлы