Интернет тәуелділік және құмар ойындардың алдын алу жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтті

0
92

Шілде айының он үшінде Алматы қаласы Жастар саясаты Басқармасының қолдауымен “Жастар арасында интернет тәуелділіктің және құмар ойындардың алдын алу” жобасы аясында Алматы қаласы қоғамдық кеңес мүшелерімен, зиялы қауым өкілдерімен және жастардың қатысуымен қоғамдық тыңдау өтті.

Атап айтсақ, Жастар бастамаларын қолдау және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс бойынша бөлім басшысы Бекқайыров Нұрсұлтан Болатұлы, Алматы қ., Қоғамдық кеңес мүшелері Қуанбаев Нұрлыбек, Талғат Жанысбай, тарихшы-археолог Жанболат Асқарұлы, Жан-ұя қолдау орталығының психологы Ақмарал Давлетова, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сайлаубай Аружан секілді азаматтар белсене қатысты. Және іс-шара барысында 14 жастағы жасөспірімдердің арасында “интернеттің пайдасы мен зияны” тақырыбында пікірталас өтті.

Қоғамдық тыңдау соңында жобаға қатысты түрлі ұсыныстар ұсынылып, ой-пікірлер ортаға салынды.

Ақгүл Айдарбекқызы