Әлия Назарбаева ҚТЖ-дан ығыстырылды

0
179

«Қазақстан темір жолы» АҚ Әлия Назарбаеваға қатысты компаниямен Instant Payments теміржол билеттерін сату бойынша келісімді бұзды. Бұл туралы ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Adyrna.kz-ке сілтеме жасап.

«1 желтоқсанда Instant компаниясымен келісім-шарт бұзылды, қазір «Мобильді портал» ЖШС жұмыс істейді. Бұл компания конкурстық негізде таңдалды. Олар электронды билет сату қызметін көрсетеді. Біз оларға сатылған билет үшін 29 теңгеден төлейміз»,- деді ҚТЖ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Ахметжанов.

Ол бұл жеке компания екенін, оның құрылтайшылары арасында ірі тұлғалар жоқ екенін атап өтті.

«Механизм бірдей: біз билеттерді сатуға шығарамыз, бұл компания оларды агенттер арқылы сатады немесе онлайн сату ұйымдастырады» деп түсіндірді ол.

«Instant Payments» ЖШС-мен келісім 2014 жылы жасалған және 2023 жылдың соңына дейін жарамды. 2022 жылдың басындағы Instant Payments компаниясының негізін қалаушы тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева болды.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы қаңтар оқиғасынан кейін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚТЖ) электронды теміржол билеттерін шығару және сатумен айналысатын Instant Payments компаниясымен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзып жатқаны белгілі болды. 

Фото ашық дереккөзден алынды.