Мұғалімдерді тығырыққа тіреу басталды

0
5987

Таяуда мұғалімдерді жаппай тест тапсыруға жұмылдырады деп жазады Democrat.kz  ақпараттық порталы М.Козачков телеграм арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы әлеуметтік желілерде “Қазақстанда 340 000 мұғалім бар екен. Әрқайсысынан 5000 теңгеден жинап алсам қанша болады? Дұрыс, 1 700 000 000 теңге болады!

Біііррр миллиард жеті жүз милллллиииоооон теңге!!!!

Миша Козачков жазады: жақында мұғалімдерге жаппай «Педстарт» деген тесттен өту ұсынылған. Ерікті түрде!!! 5000 теңге төлейсіз, ерікті түрде тесттен өтесіз

Еркіңізде. Тест тапсырмауға да болады!

Бірақ, бұл тестті тапсырмасаңыз аттестациядан өтпейсіз.

Мынадай механизмді ойлап табу үшін қандай гений болу керек, ә, Ғани Бектайұлы?! Естідіңіз бе, министр мырза, мұғалімдердің шуы жетті ме құлағыңызға?

Ең бастысы — бұрын тегін боп келген «Педстарт» аяқ астынан неге ақылы боп кетті???

Айтпақшы, «Педстарт» тестін тапсыру үшін арнайы қосымшаны көшіріп алу керек. Ол қосымшаның өзі қайта қайта құлап, қатып қалады екен.

Ал, сонша азаппен тесттен өткен бірен-саран мұғалімдер сертификатын ала алмай жүрген көрінеді…” деп дабыл қақты қазақстандық белсенді ұстаздар.

Фото ашық дереккөзден алынды.