“Бүкіл қазақ қызын жек көріп кеттім” дейді әнші

0
115

Композитор Өктем Алтаев танымал бір әнінің ғашық болған аруына арналғанын айтты. Әнші «Менің өмірім» бағдарламасында үйленгелі жүрген қызының жігіті бар боп шыққаны жайлы баяндап берді, деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ.-ке сілтеме жасап.

Бағдарлама мәліметінше, әншінің «Не жаздым, жаным, саған» деген әні күйзелісте жүргенде жазылған. «Бұл әнді күйзеліске түскенде жазғаным рас. Мен бір жақсы көрсе, бар ықыласыммен жақсы көретін адаммын.

Бір қызбен танысып, бар махаббатымды соған арнадым. Болашаққа жоспар құрдық. Оның жігіті бар екен. Оны маған айтпаған. Сөзбен үйленуге дейін бардық. Арамызда сенім пайда болды. Ер адам «Үйленем. Балаларым болады» деп жоспар құрады ғой. 100 пайыз кәміл сеніп жүрсем, оның оқып жүрген жерінде жігіті бар екен.

«Болмайды» деп жауап берді. Сол кезде төбемнен су құйғандай болды. Өмірге деген құштарлық кетті. Адамға деген сенім кетті. Жеңгелерім қызды айтса, «Айтпа» дейтінмін. Бір қызға бола, бүкіл қазақ қызын жек көріп кеттім. 1-2 жыл қатты күйзеліске түстім», — деді әнші. Сонымен қатар Өктем Алтаев аталмыш арудың қазір бақытты екенін айтты.

«Ол қыз бұл әннің өзіне арналғанын біледі. Құдайға шүкір, ол қыз қазір бақытты. Тағдыр ғой. Әрине, байқайсың ғой. Солай болды», — деді Өктем Алтаев.

Фото ашық дереккөзден алынды.