Қазақ тілді оқушылар неге аз?

0
430

ҚР Білім және ғылым министрлігі  наурызда өткен аралық ҰБТ қорытындысы мәліметін жариялады деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы министрлік хабарламасына сілтеме жасап.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, наурыздағы аралық ҰБТ-ға 13 019 оқушы қатысқан. Бұл қатысқан оқушылардың 33 пайызы қазақ тілінде, ал 66 пайызы орыс тілінде сынақ тапсырған. Межелі балды тапсырушылардың 60 пайызы алыпты.

Айта кетейік, 2024 жылғы наурыз айына жоспарланған аралық ҰБТ тапсыруға 118 505 оқушы өтініш білдірген. Қазіргі кезде олардың 17,11 пайызы -физика-математика, 15 пайызы — шығармашылық емтихан, 14 пайызы -Биология-химия бағыты бойынша таңдау жасағаны анықталды.

Бұл мәліметтердегі ең маңызды дүние — қай оқушының қай пәнді таңдағаны емес, қанша оқушының мемлекеттік тілді таңдағаны болып тұр. ҰБТ-ны тапсыруға өтініш білдіргендердің бақандай 66 пайызы орыс тілінде тапсыруды таңдауы нені білдіреді?

Аралық тесті орыс мектебінің оқушылары тапсыруға белсенділік танытуда ма? Қазақ тілді оқушылар аралық ҰБТ тапсыруды жөн көрмеген бе? Әлде елімізде мемлекеттік тілді білім алушылар саны осыншама төмен бе? Қалай ойлайсыз?

Фото ашық дереккөзден алынды.