Қарыздан құтылудың ең «оңай» жолы (ВИДЕО)

0
288

TıkTok әлеуметтік желісінде діни уағыздан бөлек, мұсылмандарға арналған басқа да ұсыныс, кеңестер жиі айтылады деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы. 

Арнайы зерттеліп, дәлелденген бе, жоқ па, белгісіз, әйтеуір хиджаб киіп, Алланың атын аузына алып түрлі ақыл-кеңес берушілердің бірі «Лупаглазка» атты қыз. «Лупаглазканың» айтқаны рас болса, қарыздан құтылудың оп-оңай жолы бар екен. Бар болғаны күн бойы » 10000 рет Аль_Муғни, Истихһар 100 рет, Салауат 100 рет, қарыз кұтылу дұғасын 30 күн» тоқтамай оқисыз.

Осы видеоға байланысты өз сенімін білдіріп, «әмин» десіп жатқан жұрт өте көп. Ал қарыздан құтылу үшін не қарыз алмау керек, не алған қарыздан құтылу үшін жұмыс істеп ақша табу керек екенін ешкім жазбапты. Сіз қалай ойлайсыз, қарыздан 10 мың рет «әл-мұғни» айтып құтылуға бола ма, әлде жұмыс істеп құтылуға бола ма?

Видео төмендегі сілтемеде:

https://www.tiktok.com/@lupaglazkaa/video/7346247229310520582?_r=1&_t=8khahTh3ZRt