Наурызды тойлауға бюджеттен ақша бөлінбейді

0
190

Үкіметте өткен брифингте қаржы министрі Мәди Тәкиев елімізде Наурыз мейрамындағы мерекелік іс-шараларға қаражат қайдан алынатыны туралы сұраққа жауап берді деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

«Бізде Наурыз мейрамын тойлауға бюджеттен бөлінген ақша жоқ.(…) Жаппай тойлау, демеушілік қаражат есебінен шығар, бірақ бюджет есебінен емес. Бюджеттен бір теңге де жұмсалмайды. (мерекелерге – автор ескертпесі)», – деді қаржы министрі Мәди Тәкиев.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда Наурыз мейрамы жаңа форматта тойланып жатыр. Енді мереке 14-23 наурыз аралығында жалғасады, осы кезеңде Наурызнама бойынша әр күн белгілі бір дәстүрге арналады. Алайда бұл онкүндік үшін елімізде ресми демалыс берілмейді.

Фото ашық дереккөзден алынды.