“Дикий Арман” кезінде түрмеден қалай шығып кеткен?

0
337

Кезінде “Дикий Арман” қалай, не үшін сотталғанын айтқан саясаткер Амалбек Тшан сол “Дикий Арманның” кімнің арқасында тайраңдағаны туралы да баяндап берді деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы  Dalanews.kz.-ке сілтеме жасап.

 Шымкент әкімі болған Амалбек Тшанның сөзінше, Дикий Арман оның жиенін соққыға жыққан.

«Дикий Арман асып бара жатқан ешкім емес. Қасына он-он бес адам жинап алып жүрген адам өзінше батыр болады ғой. 2005-жылдары депутат болып жүрген кезде Дикий Арманның іс-әрекетіне куә болғанмын.

Жиенім, туған қарындасымның баласының автобазары болатын. Соны басқаратын. Сол жерге (Дикий Арман — еск.) көлігін сатайын деп барған. (Жиені — еск.) өзі дәу жігіт. Соны бұлар 4-5 адам жабылып, әбден ұрып, өлердей сабап тастаған. Ол кезде депутатпын. Прокуратураға беріп, сөйтіп сол кезде қаматқанбыз», — деді ол сұхбатында.

Амалбек Тшан осы жайтқа кейін Дариға Назарбаева араласып, Дикий Арман бостандыққа шыққанын жеткізді.

«Артынша Дикий Арманды Дариға Назарбаеваның тікелей араласуымен шығарып алды. Парламентте де бұл мәселені көтергенмін. Парламентте Дикий Арман билікпен сыбайлас болып, осындай тірліктер істеп жатқанының бәрін айттым. Артынша оны босатты. Оның хаты бар. Менде хатының көшірмесі әлі күнге дейін бар.

…Бәрі болған оқиға. Сол кездегі биліктің әбден көзін шел басып кеткен. 2005-2006 жылдары басталған, одан бері қанша заман өтті?!» — деді мемлекет қайраткері.

Фото ашық дереккөзден алынды.