Мәсімовті жұртқа неге көрсетпейді?

0
237

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қазір қайда екенін айтты, — деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Dalanews.kz.-ке сілтеме жасап.

БАҚ өкілдері Мәжілісте министрге «Мәсімов қайда жазасын өтеп жатыр? Бір іс-шарада жүрген сурет бар деген ақпарат тарады. Бұл ақпарат қаншалық рас? Неліктен жазасын өтеп жатқаны туралы бірде-бір сурет, видео жоқ?» деген сұрақ қойды.

«Барлық сотталған адамды көрсете алмаймыз. Ол сотталған. Түзету мекемесінде жазасын өтеп жатыр», — деп жауап берді министр алғашында.

Артынша журналистер ведомство басшысынан колонияға кіріп, Мәсімовтен сұхбат алуға қаншалық мүмкіндік барын сұрады.

«Ашық көрсетсеңіздер. Неге көрсетпейсіздер жасырып?» — деді БАҚ өкілі.

«Қалай сұхбат? Оны неге көрсетуіміз керек? Қалай жасырып? Колонияға кіретін рәсімі бар. Дұрыс қой? Адам құқығына қатысты бюро бар», — деді министр.

Фото ашық дереккөзден алынды.