Шенеуніктерге тыйым салатын жаңа заң дайындалуда

0
167

Қазақстанның мемлекеттік қызметшілеріне жаңа тыйым салынуы мүмкін. Тиісті түзетулер Мәжілісте қаралып жатыр, — деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың айтуынша, ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасы аясында мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға тыйым салу мәселесі қарастырылып жатыр.

«Осы заң жобасы аясында мемлекеттік қызметкерлерге казинода ойнауға тыйым салу туралы ережені қарастырып жатырмыз. Мұндай түзету бар. Бірақ букмекерлік кеңселер туралы әзірге жалпы пікір жоқ. Әзірге жоспарланып жатыр, әзірше айта алмаймыз. Енді бұл ереже қабылдануы керек», — деді Бейсенбаев Мәжіліс кулуарында.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.