“Араб елдерінде ұлт мәселесі бірінші орында”
“Дін үстемдік алған елде болашақ жоқ. Ол елді кез келген сыртқы күш айтақтап ақ басып алады. Иә, иә, сондай. Оған мысал жетеді”, деп жазады Мақсұт Таңжарықұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Біреулер «Ал араб елдері ше»..деуі мүмкін. Дамыған араб елдерінде дін үстемдік құрып тұрған жоқ. Оларда ұлт, араб ұлты бірінші орында.
Дін оларда екінші үшінші орынға жылжығалы қай заман. Ол жақта Ұлт бірінші орында. Ұрпақ білімі екінші орында. Бизнес үшінші орында. Осылай кете береді.
Дамыған араб елдерінде бәрі ағылшынша сайрап тұр. Балаларын ең бірінші ағылшынша оқытады олар.Европа, АҚШ-та оқиды
Кез келген шейхтың баласының өмірбаянын оқып көрші, оның АҚШ, Европада оқығанын көресің.
Араб елдерінде бизнеске келген кезде шариғат ысырылып қалады. Мысалы ол елдердің көбінде алкоголь өнімдері сатылады. Неге?
Туристерді тарту үшін. Демек бизнес. “Есектің артын жуып мал тауып” жатыр.
Біз Палестинаны қолдап “кока коланы” жерге төгіп жүрміз, ал олар «Кока Кола» деген үлкен арена салып тастады. Спорт жарыстары, концерттер өтетін арена салды.
Біз діннен бірдеңе іздеп жүрміз, олар ғылымға бет бұрып алды.Біз мешіт санынан Арабиядан екі үш есе алға кеттік.Ал сол мешіттер сол елдің филлиалы екенінде шаруамыз жоқ. Иә, иә, сол жаққа қаржы құятын филлиалмыз.Мақтанамыз ғой соған.
Мақсұт ТАҢЖАРЫҚҰЛЫНЫҢ
Facebook парақшасынан алынды.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.