Әнші Алтынай: “Жыртық-жамауыммен жақсы көргенің үшін” деп тілек жолдады
“Жәннатыма (Ин Шаа Алла) былтыр осындай , жүрегімнен шыққан ақ тілегімді жазған екенмін.Тағы да осы тілекті осы жерге қалдыруды жөн көрдім” деген әнші күйеуіне деген ыстық лебізін жолдады деп жазады Democrat.kz ақпараттық порталы.
”Менің және қыздарымның өмірінің 180 градусқа өзгеруіне себепші болған жәннатым (Ин Шаа Алла) туған күнің құтты болсын! Алла тағалама мың алғыс, сендей жанды бізге жолықтырған.
Махаббаттың бар екеніне сендіргенің үшін, қыздарға әкелік махаббатты сездіргенің үшін, менің өмірімдегі “жыртық-жамауыммен” жақсы көргенің үшін, қатты жақсы көремін. Сенімен кездесіп, үйленсек деп армандағанда, сенің: “Қыздар мені қалай қабылдар екен?
Сені қызғанып, мені ұнатпай қалса, не істеймін?” деп қатты қорыққан кезің де артта қалды. Себебі, бәрі саған байланысты екеніне тағы көзім жетті. Қыз бала әкеге жақын деп, міне сендей, махаббатын үйіп-төгетін әкеге жақын болады. Алла тағалам пейіліңе жақсылығын үйіп-төгіп берсін.
Осы аппақ пейіліңе, Алла қалауымен, көпшіліктің дұғасының арқасында Аминамыз дүниеге келді. Аллама сансыз шүкірлер. Иман байлығын, денсаулық байлығын, дүние байлығын берсін. Екі дүниенің абырой-бақытын берсін, жаным. Ғұмырың ұзақ болсын. 100-ге кел. Алла екеумізді екі дүниеде де бірге болуды нәсіп етсін”,-деп жазды Алтынай Жорабаева.
Фото ашық дереккөзден алынды.