«Ресей Қазақстанға соғыс ашса, айтатын әніміз дайын»
“Ресей Украинаны соғыста жеңсе, келесі кезек — Қазақстанда” деген Украина президенті В.Зеленскийдің сөзіне әлеуметтік желіде қазақстандықтар жарыса пікір білдіруде деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы.
Бәлкім, Украина президенті бқл сөздерді шынайы, саяси ескерту ретінде айтқан да болар. Алайда қазақстандық әлеуметтік қолданушылардың берген жауабы кез келгенді кұлкіге қарық етері анық.
Бірі “Ресеймен соғысатын уақыт жоқ, елтаңбамызды ауыстырып жатырмыз”, десе, енді бірі “жақында Ресейге өзіміз-ақ сумен ағып барып қаламыз” дейді.
Келесі бір азамат “Ресей Қазақстанға соғыс ашса, “қиын-қыстау қилы заманда” деген әніміз дайын тұр” десе, бірі “Бишімбаевты қарсы жібереміз алты адвокатымен” дейді. Қалай десек те, халқымыздың кез келген жағдайға юмормен қарауы көпшіліктің көңіліне күлкі сыйлағаны сөзсіз.
Фото ашық дереккөзден алынды.