Бүкіл байлығын қалдыратын ешкімі болмапты

0
543

Италиялық әйел 5 миллион доллар (2 миллиард 232 миллион теңге) байлығын күтушісіне қалдырған. Айтуынша, өзінің тікелей мұрагерлері жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Oddity Centralпорталына сілтеме жасап хабарлайды.

Мария Малфатти бірнеше құнды активтерге, соның ішінде бірнеше пәтерге, Роверето орталығындағы тарихи ғимаратқа, сондай-ақ банк шоттарында сақталған үлкен ақшаға ие. Италиялық әйелдің байлығы шамамен 5 миллион долларға бағаланады.

Алайда әйел отбасын құрмағандықтан және өз байлығын қалдыратын балалары болмағандықтан, оның жиендері мұраны алуы тиіс еді. Бірақ Мария соңғы бірнеше жыл қамқор болған албаниялық келіншекті мұрагер еткен.

Осыдан кейін Малфаттидің туыстары қамқоршыны сотқа берді. Айтуларынша, Мария қартайған шағында есін жоғалтқан және күтуші соны пайдаланып, байлығын иеленген. Іс материалдарын зерделеп, сот тергеу барысында олардың сатылу қаупі тым үлкен екенін ескере отырып, ақшалай активтерді қатырып қойды.

Еске салсақ, бұған дейін Қытайда миллионер өзінің әл-ауқатын 20 жыл бойы ұлынан жасырып келгені айтылған еді.

Фото ашық дереккөзден алынды.