Ресейдегі су тасқыны қаупі үдеп барады

0
194

Ресейдегі Орск бөгеті жарылғаннан кейін жағдай тіпті ушығып кетті деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы e1.ru-ға сілтеме жасап.

Ал Орал өзенінен су екпінмен сарқырап ағуда. 200 мың халқы бар Орск тұрғындарын су тасқыны екі жағаға бөліп тастаған. Су тасқыны Орскінің сол жағалауындағы жер үйлерді басқан. Ал Никель ауданынан сарқырай аққан судың екпінінен 11 мың адамды қауіпсіз жерге әрең көшіріп үлгеріпті.

Орск қаласындағы Никель ауданында электр желісі түгел кесілген. Су тасқынынан 6000-нан астам үй зардап шеккен. 4 мыңнан астам тұрғын №13 мектепке көшірілді.

Орск қаласындағы дәрігерлік көмек беру қызметі қазір уақытша тоқтатылды. Науқастарды Новотроицк және Орынбор қалаларына жіберіп жатыр деп хабарлады РФ Денсаулық сақтау министрлігі.

Ал Орынбордағы Орал өзені қазірге дейін 8 см.-ге көтерілген. Өзеннің қауіпті деңгейіне дейін 66 см. қалды деп жазады ресейлік басылымдар.

Фото ашық дереккөзден алынды.