Түменде төтенше жағдай жарияланды

0
169

Ресейдің Түмен облысында бүгін, яғни, 8 сәуірден бастап көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдай енгізілді, деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Түменді су басу қаупі жоқ деп айтылып келген еді. Бірақ табиғат өз дегенін істеп бағуда.

Түмен облысының Үкіметі бүгін төтенше жағдай режимін енгізуге мәжбүр болды. Жергілікті билік орындары төтенше жағдай жоспарын жария етіп, іске кірісті.

Фото ашық дереккөзден алынды.