Орынборда жағдай шиеленісіп барады

0
151

Ресейдің Орск қаласының тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру жұмыстары әлі жалғасуда, деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Орынбор облысындағы Орал өзеніндегі бөгет жарылғаннан кейін бұл аймақта федералды ауқымда төтенше жағдай жарияланды.

Өткен жұма күні су бөгеті жарылған соң, дабыл қағылып, барлық тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жұмысы қолға алынды. Құтқару жұмыстарына волонтерлер де жұмылдырылды. Әлеуметтік желілерде арнайы чаттар құрылып, кімге қандай жәрдем қажет екені туралы хабарлануда. Ал тоқтамай жауған жаңбыр жағдайды тіпті шиеленістіріп жіберген. Қаланың шет аймақтары түгел су астына кетті. Су басқан үйінен қашып шыққан тұрғындар тек құжаттарын ғана алып үлгерген. Қазіргі кезде паналау ғимараттарында жатын төсектер қойылып, азаматтарға жан-жақты жәрдем берілуде.

Фото ашық дереккөзден алынды.