Айсәуле ол оқиғаны ұмыта алмайтынын айтты

0
244

Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек Instagram желісіндегі парақшасында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікірін білдіріп, әйелдерді үнсіз қалмауға шақырды.

«Әйелдерге қысым көрсететін қоғамның болашағы жоқ. Әйелдер үнемі өздерін қауіпті сезінетінін айтқан кезде ер адамдар таңғалады. Көшеде, караокеде, жұмыста және, өкінішке орай, көбіне үйде.

Салтанаттың басынан өткен оқиға қоғамды қоздырды, себебі әрбір әйел дерлік шартты «Қуандықпен» кездесті. Ал біз бұған шыдамаймыз», — деп жазды Айсәуле Бақытбек.

Желі қолданушыларының бірі өз пікірінде: «Әкең де Қуандық, өйткені ол анаңа қарсы қылмыс жасады»».

Бұған Айсәуле байсалдылықпен жауап беріп, ата-анасының тағдырының осылай болғанына оның кінәсі жоқ деп жауап берді. Сондай-ақ ол бұл оқиғаны ұмыта алмайтынын және басқалардың оны еске түсірмеуін қалайтынын жазды.

Фото ашық дереккөзден алынды.