Ұрлықы ақшаға АҚШ-та мүлік алған шенеуніктер

0
128

АҚШ-тың Global Financial Integrity талдау орталығы заңсыз иемденген қаражаттарын жылжымайтын мүлік арқылы штаттарда заңдастырған азаматтардың тізімін жасаған.

Және оның схемаларын ашып талдаған. Бұл тізімде қазақстандықтар да бар, деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.

АҚШ-та Global Financial Integrity талдау орталығы FACT Coalition және Anti-Corruption data Collective-пен бірлесіп дайындаған есепті жариялады.

Құжатқа сәйкес, заңсыз иемденген қаражатын жылжымайтын мүлік арқылы заңдастырғандардың әрекетін әшкере қылған. Тізімде барлығы 25 кейс бар-екеуі Қазақстанмен байланысты.

Сонымен, құжаттағы ақпарат бойынша Алматының бұрынғы әкімі Виктор Храпуновтың Нью-Йорк пен Огайода 35 миллион доллар тұратын мүлкі бар екен. Жылжымайтын мүлікке сауда орталығы, психиатриялық мекеме және бизнес орталығы кіреді.

Және бұл тізімде Нью-Йорк пен Флоридада Сауат Мыңбаев пен Асқар Алшынбаевтың жылжымайтын мүлігі тіркелгені көрсетілген. Нысандарға кеңсе ғимараттары мен пәтерлер кіреді.

Сарапшылардың дерегінше, заңсыз инвестициялау үшін ең қолайлы штаттар: Калифорния, Флорида және Нью-Йорк.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.