«Исламды мешіттен іздемеу керек»
Баяғыда жұма намазды қалдырмайтынмын. Бірақ күндердің бір күнінде жұма намазға баруым сирей бастады.Себептері көп.
Бір күні мешіттің дәретханасына бардым. Унитаздың жан-жағына жағылған боқты, шашыраған сідікті, раковинаға жағылған көкпеңбек қан аралас мұрынбоқты көріп, жүрегім айныды. Басқа туалет кабинкасын іздедім.
Бәрінде сондай. Артын тазалап кетпеген мұсылман бауырыма ренжідім. “Исламның негізгі талаптарының бірі — тазалық” еді ғой дедім ішімнен.
Тағы бір күні мешітке бардым. Намаз басталайын деп барлығымыз сапқа тұрдық. Ине шаншар жер жоқ. Иығымыз — иығымызға тіреліп, әрең тұрмыз. Бір уақытта дәу денелі бір жігіт келді де, бізді итере-митере ортамызға келіп тұра қалды.
Не “Кешіріңдер” деген бір ауыз сөз жоқ. Түріне қарасам, «наглый тип». Қысылып-қымтырылып, намазды әрең дегенде оқып шықтық. Исламда көркем мінез деген бар емес пе еді?!
Тағы бір жұма намаздан кейін мешіттен шықтым. Бәрі бір жаққа асығулы әйтеуір. Парковкадағы көрініс әлі күнге дейін есімде. Бір-біріне жол бермей, боқтасып, қырылысып жатқан еркектер. Орысша, қазақша боқтап, сигнал беріп жатқан жұртты көріп, жағамды ұстадым. Исламда “сабыр” деген сөз бар емес пе еді?!
Битке өкпелеп, тонымды отқа жақпаймын. Қазір де мешітке барамын. Бірақ, адам аз кезде. Кіріп, дұғамды жасап, Аллаға жалбарынып шығамын.
Исламды тек мешіттен іздемеу керек. Ислам — адамның жүрегінде болуы тиіс.
Хейтерлерге бірден жауап берейін. «Лә иләһә илаллаһ Мұһаммәдүр расулуллаһ» деген мұсылманмын. Ислам дінін ұстанамын.
Данияр ЕСЕН,
Facebook парақшасынан.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.