Әншіні министр үйіне келіп құттықтады

0
510

Ақпарат және мәдениет министрі Аида Балаева әнші Қыдырәлі болмановты үйіне келіп, туған күнімен құттықтады деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы.

“Бүгін біздің шаңырағымызда шат-шадыман қуаныш! Қыдырәлі Болмановатың туған күнімен құттықтап, қазақ мәдениетіне қосқан үлесін, жаңа өнер жасауға ұзақ жылдық еңбегін ескеріп, мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызынан үйімізге, ел президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғыс хатымен сый-сияпаты жетті. Бұл естен кетпес ықылас” деп жазды Қарақат Әбілдина өз парақшасында.

@aida_balayeva ханымның, әріптесінің тұлғалық қасиетін, дара болмысын, жаңашыл ұйымдастырушылығын, өнерге адалдығын әділ бағалағаны деп түсінеміз.

Ілияс Жансүгіровтың “Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі алсын қайдан кемеңгерді? ” дейтініндей, ел жүрек, ер жүрек өнер адамын, талантты азаматын сыйлаған үкіметімізге, мемлекет басшысына отбасымыздың атынан айрықша алғыс айтамыз. Еңбектеріңізге зор абырой тілеп, әр бастамаларыңыздың рухани қолдаушысы болудан аянбайтынымызды да жеткіземіз!!!” деген әнші Қарақат бұл қуанышын елмен бөлісті.

Фото интернеттен алынды.