«Иран — үлкен шайтан, Әзербайжан — кіші шайтан» дейді сарапшылар

0
383

Халықаралық саяси сарапшы Жанат Момынқұлов “Сұрауы бар” YouTube арнасында қоғамдағы діни және саяси мәселелерді айтып, талдау жасады деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы.

Саяси сарапшы қазіргі кезде жұрт жиі сөз ететін Түркі халықтарының бірігуі, Тұран одағын құру туралы мәселені сөз етпес бұрын негізгі проблемаларды да назарда ұстау керегін айтады. “Тұран мәселесін айтпас бұрын, шейіттік ағымдағы Әзербайжан факторының маңыздылығын ұмытпауымыз керек” деген ол тарихта Орта Азияға қысым көрсетіп, Қазақ, Өзбек елдерінің әлсіреуіне Оғыз, Түрікмен, Әзербайжан шейіттерінің ықпалы зор болғанын айтады.

“Кезінде осы шейіттер Осман империясы мен Орта Азиядағы сүнниттерге қарсы шыққан. Қазақ-Өзбек бірігіп оларға тойтарыс берген. Сондай-ақ шейіттік Иран кезінде Ресеймен бірігіп, Осман империясы мен Орта Азиядағы сүнниттерге қарсы альянс құрған. Сондықтан да біз болашақта әзербайжан факторына өте мән бергеніміз дұрыс.

Өйткені Шығыс сарапшыларының арасында “Иран -үлкен шайтан, Әзербайжан — кіші шайтан” деген ұғым бар. Бұл дегеніміз Әзербайжан Тұран жобасында бола тұрып, шейіттік жобада да болуы мүмкін. Сондықтан да Түркі бірлестігінде осы мәселелерге өте сақ болуымыз керек” дейді сарапшы.

Фото интернеттен алынды.

@surauybar

@surauybar алаңында халықаралық саяси сарапшы Жанат Момынқұлов Толық нұсқасы «Сұрауы бар» ютуб каналында! Сілтемесі стористе! Көріңіз! Пікір жазыңыз!

♬ оригинальный звук — Сұрауы бар