«Иран президентінің өліміне Бакуді кінәлауда» дейді сарапшы
Батыс елдері Иран мен Әзербайжан елдерінің арасын шиеленістіруге барын салуда дейді халықаралық шиеленістер жөніндегі сарапшы Виталий Арьков.
РИА Новости ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында сарапшы Иран президенті Эбрахим Раисидің өлімі Иран-Әзербайжан мемлекеттерінің арасына сына қағуы мүмкін екенін мәлімдеді.
Екі елдің арасына қағылатын сына да Батыс елдерінің қолымен қағылуы мүмкін екенін айтқан Виталий Арьков: “ Әлбетте, Иран президентінің қазасы елдің ішкі және сыртқы саясатында өзгерістер орнатары сөзсіз. Мұндай өзгерістің орын алуына Батыс елдері бар күшін салары да анық.
Батыс елдері Иранды басқа форматтағы президент басқаруын қалайды. Иран президентінің қазасына орай Париж бен Вашингтон жақтан ақылға сыймайтын конспирологиялық болжамдар айтылды. Тіпті, Раисидің қазасының артында Баку тұр дейтін ақпараттарды да боратуда. Иран президенті өліміне Бакудің қатысы бар дегенге өзгелерді сендіргісі келеді.
Сондағы алға тартқан уәждері “Арменияны Түркияның арқасында реттеп алған Әзербайжан енді көзін Иранға тікті” деп Батыс енді Тегеран мен Бакудің арасына от салуға кірісті”,- дейді сарапшы Виталий Арьков.
Сарапшының сөзінде шындық барын соңғы күндері интернетте “Иран Әзербайжанға соғыс ашуы мүмкін”, “Түркия бұл соғысқа араласпайтынын мәлімдеді” деген сыңайдағы дәлелсіз ақпараттардың қарша борауынан байқауға болады. Қалай ойлайсыз, Раисидің өлімі Иран-Әзербайжан арасында соғыс отын тұтатуы мүмкін бе?
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.