Димаштың шаңына ілесе алмассыңдар

0
470

Мен Димаштан бұрын бардым…Мен Димаштан артық шәкірт шығарам…мен… мен… мен…

Өзін көрсету үшін көп адам Димаштың есімін қосарлап айтатын болыпты…

Осы Айгүл ханымның өнерде бұза-жара шыққан биігін де көрмеппіз…

Енді «Димаштан асқан шәкірт тәрбиелеймін» деп қапты…

Неге Ермек Серкебаевтан асқан демейді..

Не Қайрат Нұртастан…

Яғни, ол «Димаш биігі» — адамзат мойындаған биіктік екенін біліп, өзін сол «биікке» сүйреп шығарғысы келеді…

Алайда, ол өз шәкіртіне Димаш алған тәрбиені бере ала ма?

Қаншама академик болса да, ол күмәнді…

Себебі, Айгүлдің бойында ондай шынайы қазақ тәрбиесі кем.

Қалайша сонда ол «Димаш деңгейін» өзіне қарап өлшемек?…

Роза ханым да «Су тасқыны болған жерге мен Димаштан бұрын жеттім» дейді…

Неге министрден бұрын емес?

Мұнда да Димаш…

Әу «жұлдыздар», айна өз бетін өзі сүрте алмайды, оны оған қараған адам сүртеді.

Со сияқты, сіздер де өз амбицияларыңызды сүрткізіп қойыңдар анда-санда!

…Ал Димашқа бүкіл әлем «Ғарыштан түскен әнші», «Құдайдың адамзатқа берген сыйы» деп әлдеқашан ат беріп, әспеттеп қойғанынан хабарсыз адам таппайтын шығармыз бүгінде!..

«Димаш — комостан түскен қазақ» — сіздер үшін (Айгүл мен Роза ханымдар) бір ғана шындық осы!

 

Әбдірашит БӘКІРҰЛЫ,

Facebook жазбасы.

Фото ашық дереккөзден алынды.