«Бишімбаев ол үшін жауап беруге міндетті емес» дейді тарихшы

0
337

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталып, сотты болған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әулеті де қазақ қоғамына жақсы танымал. Тарихшылардың сөзіне сенсек, оның атасы кезінде лауазымды қызмет атқарған, — деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Dalanews.kz.-ке сілтеме жасап.

Дегенмен тарихшы Сұлтан Хан Аққұлы өткен үшін бүгінгі ұрпақ жауап беруі міндетті емес деген пікірде.

«Атасының істеген қылмысы үшін неге немересі жауап беруі керек? Қуандық Бишімбаевтың соты болып жатқанда оның туған атасы 12 қазақты бір ұйғырды соқты деген айыппен Итжеккенге айдатып жіберген (деген ақпарат шықты — еск.). Оған Қуандықтың қандай қатысы бар?!

Әйтпесе Қуандықты әйелін ұрып өлтіретін қылып атасы тәрбиелеп пе? Ол — тарих. Өткен заман үшін бүгінгі ұрпақ, немересі, шөпшегі жауап беруге міндетті емес. Әлиханның 13 жылы жазған мақаласында «Тарих не үшін керек? Тарихтан қай жерден сүріндік, қай жерде құладық, қай жерден гүлдендік, соны білуіміз керек» дейді ғой.

Тарих сол үшін ғана керек. Ғалым ретінде тарихты айнадай көрсетуіміз керек. Біреуді ақтау, біреуді қаралау міндеті (алдымызда — еск.) тұрмауы керек», — деді тарихшы Сұлтан Хан Аққұлы «Қасқа жолға».

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.