«Тәңіршілер» діні ресми болғанын қалайсыз ба?

0
284

Facebook әлеуметтік желісінде “Тәңіршілер дінінің ресми дін ретінде тіркелуін қалайсыз ба?” деген сауал қызу талқыға түсуде деп жазады Democrat.kz. ақпараттық порталы.

Сұраққа қатысты жұртшылықтың берген жауаптарын қарап шығып, ішіндегі салмақты, мән-мағыналы дегенін сүзіп алдық.

Наука Мукаш: Тәңір діні — нағыз дін. Ал басқаның бәрі сенім. Ислам арабтардың ертегіден құралған сенімі!

Aidar Bisembai: Мен өз басым сол тәңір дінін тіркелуін құптамаймын. Себеп көп. Бұрын мүслім боп әбден қалыптасып қалған адамдарға, исламнан шыққаннан кейін әйтеуір бір сенетін бірдеңе керек болған соң осы тәңір дініне жабысады. Мүслім деген тарауға бөлінеді содан өздері, аналары от дейді, мыналары боқ дейді, сөйтіп кейін өзара 77-ге бөлініп тағы қырқысады…Тәңіршілдік дін емес, жай сенім ғой, бұрынғы бабаларымыздың сенімі. Өзіңнен зор шықса екі көзің сонда шығады демекші, мүслімнің біреуі шықса ана Тоқтар ағалармен жылап көрісетін болады… Билікке де керегі осы шығар деп ойлаймын…

Жұмағазы Жұмабаев: Ешқандай да дінді мойындамаймын!!! Пайғамбарға, пайғамбарларға, сахабаларға табынбаймын. Менің өзімнің өмір сүру салтым, қазақы дәстүрлерді сақтауым, бағалауым кейбір тәңіршімін, тәңіршімін деп ұрандатып жүргендердің айтқандарына сәйкес те келіп қалады. Тәңіршілдікті дін деп те қабылдамаймын. Тәңіршілік дін емес — адамның табиғатты түсініп, жарасымды күн көруі деп ойлаймын.

Касымов Берик: Әлем үлкен жарылыстан пайда болған, бұл гипотезаға тәңір ілімі жақын, мен соған сенемін!

Камиль Мансуров: Дұрыс ,қолдаймыз! Тәңірлік дүниетаным бізді оятты енді соны дамытуымыз керек!

Әлия Байтемирова: Қазақ нағыз өз болмысын табуға ұмтылуы керек, қазақ жерінде тұратын өзге ұлттар ассамблеяның арқасында гүлденіп болды, енді «қазақ деген кім, қазақ бола алдым ба өзім?» деп ойланса, діннің көкесі сол… Тәңіршілдікті дін деп тағы таластырып, қасиетін кетірмей, ешкімнен ештеме сұрамай, қазаққа өз құндылықтарын тегіс қайтару керек Өз тарихи отаны барлар, дінінің шыққан жерін ғана әулие көретіндер, қазақылық ұнамаса, көшіп кетсін)) Өзгені білмеймін, өз басым өз жерімде қазақпын дегенім үшін, қазақша сөйлегенім үшін кемсітушілік көріп, өмірім астан-кестең болғанына тойып болдым

Толеу Жаксыбалаев: Бұл жоспарланған үлкен «ойын «болмақ. Осыған бұған дейінгідей алданатын боламыз. Назарды бұрып, көңілді алдарқатып, ата жауымыз нақ алдымызда тұрғандай айтысатын боламыз. Басқа қолымыздан көп нәрсе келе бермейді әрине. Қазіргіміз жәй әншейін түрткен ғой.

Жүйеге керегі де сол. Әйтпесе соны кім талап етіп еді. Бұған дейінгі талаптарда қайда қалды орындар болса.

Одан қалса имамдардың ,айтқыш дүмшелердің асыра айтқан ертегілеріне неге бей-жай қарайды. Сол ертегіге елтігендердің саны сағат санап артуда. Осының барлығын билік көріп отыр. Миығынан күліп отырған болар…

Заркын Калибеков: Ешқандай дін ретінде тіркеу жөн бола қоймас! Одан қазақтар да, Тәңірлік ұстаным да ұтпайды Оны тек қосымша нысана жасайды, қазақты бөледі Ең абзалы тарихи ұлттық дәстүр, ұлттық құндылық ретінде қарап, жақсысын дамытып, жаманын тастап, қазақтың басын біріктіруге негізге алған дұрыс болар, бүгінде іс жүзінде осылай емес пе?

Kuanysh Kenbaytegi: Негізінде тәңіршілдік діннен де биік қой. Оны дін деңгейінде төмен түсірудің аса қажеті жоқ. Егер мемлекет араласып, қолдау көрсетсе, әңгіме басқа.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.