Қырылған жылқыға өтемақы төлене ме?

0
170

Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлытау мен Қарағанды облысында мыңдаған жылқының қырылғанын «жұт» деп санамайды, Democrat.kz.ақпараттық порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин Ұлытау өңірінде 1574 бас жылқы өлексесі жойылғанын айтты.

«Егер біздің 3.8 млн жылқы басына есептесек, қырылған малдың үлесі 1% — да болмайды. Әр шаруа қожалығы ұстап отырған малына дұрыстап қарау керек, уақытында дәрі егу керек. Сондықтан өздері кінәлі. Бұны жұт деп айтуға келмейді. Жұт таңдап келмейді, жұтта жылқы ғана емес, ұсақ мал да, ірі қара да қырылады», — деді ол.

Аманғали Бердалин қырылған жылқылардың иелеріне өтемақы төленбейтінін атап өтті.

Фото интернеттен алынды.