Мұғалімге «ТикТокта» отыруға тыйым салу керек пе?

0
591

Facebook әлеуметтік желісінде “Мұғалімге әлеуметтік желіде отыруға тыйым салу керек пе?” деген маңызды бір тақырып тартысқа түсуде деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы.

“Тик- токта отыратын, отырғанда жай отырмайтын, бейәдеп қылық жасайтын мұғалімдерге тыйым бар ма өзі? Бір емес бірнеше таныстан осы туралы естідім. Мұғалім деген балалар үшін айна болуы керек емес пе? Жүрісі, тұрысы, сөйлеуі, киген киімімен балаларға үлгі болатын адамдар ғой олар” деп жазды Гауһар Жолмаханбет өзінің жеке парақшасында.

“Мұғалімнің де жеке өмірі бар, жұмыстан тыс уақытта не істесе де еркі дейтіндер бар шығар. Меніңше жоқ. О баста саналы түрде осы мамандықты таңдады ма, ендеше жұмыстан тыс уақытта да өзін дұрыс ұстай алуы керек.

Баяғыда ғой. Қызымның клас жетекшісі қашан барсам шашы май- май болып жүретін. Мынаусы несі деп таңқалып қайтамын. Қызыммен сөйлессем айтады: «Мама біздің Пәленше апай сабақта бізге туған күніне күйеуінің көлік сыйлағанын айтты» дейді

Охо дедім. Кішкентай балаларға сабақтан тыс былай тұрсын, сабақ үстінде де бөседі екен ғой мынау деп. Сосын басыма тағы бір арам ой келді. Күйеуің көлік әперу үшін шашың май- май болып жүрген дұрыс па деген))))

P.S Тик- токта отырып ,билейтін, түрлі қылықтар жасайтын мұғалімдерге заңмен тыйым жасау керек шығар? Әшейінде баласының құқығын қорғап, директордың есігін теуіп кіретін ата- аналар осы жағын талап етсе дұрыс болар еді” деп қорытады өз пікірін автор.

Осы жазбаға орай жазылған бірнеше пікірді назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Сіз қалай ойлайсыз, мұғалім оқушысына үлгі болуы керек пе, әлде мұғалім жеке өмірім деп сайқымазаққа айналып, әлеуметтік желілерде әбес әрекет жасаса бола ма? Авторларын көрсетпедік, сілтемеге өтіп, кімнің не жазғанын көрсеңіз болады.

Дұрыс айтасың, өмірде сайқымазақ боп жүрсең, мектепте қай бала тыңдайды сені? Мағыналы, тәрбиелі нәрселер жүргізуге болады ғой.

Ескірген психология. Мұғалім 24/7 мұғалім болып жүруі міндетті емес. Шетелде мұғалім тек сабақ, білім береді. Баланың тәрбиесіне мұғалім жауап бермеуі тиіс. Ата-анасы жауапты”.

Сайқымазақ болып жүрген мұғалім көп. Ұстаздар аз. Өз ісіне берілген майталман ұстаздардан тәлім алған оқушыдан саналы, салиқалы, білімді тұлға қалыптасады.

“Мұғалімде сабақтан кейін жеке өмір болуы керек деп ойлайымын. Тәрбиені ата — ана, білімді мұғалім береді. Так что, кешкі 8 кейін не істеседе өзі білуі керек.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.