Қажылықта 14 адам өліп, 17 адам жоғалып кетті

0
350

Сауд Арабиясындағы мұсылмандық қажылық кезінде он төрт иорданиялық қаза тапты және 17 адам жоғалып кеткен. Бұл жайлы Иорданияның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеген, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі «News.am«-ге сілтеме жасап.

Сенбі күні министрлік қаза тапқандардың кем дегенде алтауы ыстықтан екенін айтқан. Ауа райы болжамы бойынша дүйсенбі күні Меккеде температура 47 градусқа дейін көтерілетіні айтылды.

Сәрсенбіде аяқталатын қажылық — әлемдегі ең көп адам қатысатын іс-шаралардың бірі: биыл Сауд Арабиясының Бас статистикалық басқармасының мәліметі бойынша, оған 1,8 миллионнан астам қажылар қатысады.

Соңғы 30 жылда бұл іс-шарадағы жүздеген өлім-жітімнің себептеріне шатырдағы өрттер, күн тию, қысылып қалу және басқа да факторлар жатады.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.