Буллингпен күрес

0
130

Астана қаласы «Алматы» ауданының прокуратурасының бастамасымен елорданың спорт кешендері мен мектептерінің басшылары және жаттықтырушыларымен кездесу ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасы.

Спорт мектептері мен секцияларының ғимараттарында кәмелетке толмағандар прокуратура органдарына тікелей жүгіне алатын «QR» кодтары ілінетін болады.

Сондай-ақ, жаттықтырушы құрамына Оқу-ағарту министрлігімен әзірлеген буллинг және өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттерінің алдын алу алгоритмінің жұмыс принципі түсіндірілді.

Фото интернеттен алынды.