ШЫҰ саммитіне байланысты екі күн бойы Астана балабақшалары жұмыс істемейді

0
129

Ақпаратты елорданың білім басқармасы растады, деп хабарлайды Informburo.kz.

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитіне байланысты елорданың балабақшалары екі күн жұмыс істемейді. Ақпаратты Астана қаласының білім басқармасы растады.

Мектепке дейінгі мекемелер үшінші және төртінші шілдеде жабылады.

«Мектепке дейінгі ұйымдар 3-4 шілдеде Қазақстанның білім министрлігі мен ІІМ – нің хатына байланысты жұмыс істемейді», — делінген ведомствоның жауабында.

Елорданың Тәуелсіздік сарайында үшінші және төртінші шілдеде Шанхай ұйымының саммиті өтеді. Оған Қазақстан, Үндістан, Иран, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Беларусь, Моңғолия, Әзірбайжан, Катар, БАӘ, Түркия және Түрікменстан мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы және ұйымның Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқарушы директоры қатысады.

Фото интернеттен алынды.