Бала-бақшалардағы балалардың құқықтарын бұзу

0
110

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары бала-бақшалардағы балалардың құқықтарын бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды СҚО прокуратурасы.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тексерулер бюджет қаражатын жымқыру, санитарлық және өртке қарсы ережелерді сақтамау салдарынан балалардың құқықтарының өрескел бұзылуын анықтады.

Айыртау ауданында мектепке дейінгі мекемеде 11,2 млн теңге сомасында бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталып, оған қатысты аудандық қадағалау органы Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, тергеу амалдары жүргізілуде.

Аққайың, Тайынша аудандарының бала-бақшаларында мемлекеттік тапсырыс туралы заң талаптарына қайшы, дәлелді себепсіз іс жүзінде бақшада болмаған балаларға қызмет көрсету үшін ақы төленген (ауруы туралы медициналық анықтама немесе ата-анасынан арыз болмаған), соның салдарынан бюджеттен 17 миллион теңге көлемінде қаражат негізсіз төленді.

Облыстағы барлық дерлік бала-бақшаларда өрт және санитарлық қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарының жүйелі түрде бұзылуы анықталды.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 11 лауазымды тұлға тәртіптік және 32 әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 17 млн теңге сомасындағы бюджет қаражаты өтелді, бұзушылықтар жойылды.

Жалпы, жыл басынан бері прокуратура кәмелетке толмағандар арқылы 15 мың баланың құқығын қорғап, 300-ден астам лауазымды тұлға түрлі жауапкершілікке тартылды.

Қадағалау органы кәмелетке толмағандардың мүдделері мен құқықтарын бұзушылық анықталған жағдайда, облыс прокуратурасының 8-715-2- 36-03-83, 8-771-362-08-99 сенім телефонына хабарласуды еске салады.

Фото интернеттен алынды.