Меккедегі біздің қажылардың жағдайы қалай?

0
236

Биыл елімізден 5081 қажы парыз құлшылығын өтеді. 20 маусым күні Мекке қаласында Қазақстан қажылық миссиясының қорытынды жиналысы өтті, деп хабарлайды Democrat.kz. Ақпараттық порталы  Informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Басқосуда наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы миссия мүшелеріне ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, ұлы сапарда атқарған жұмыстарын жоғары бағалады.

Бұдан кейін миссияның уағыз-насихат бағытына жауапты Нұрбек Әуесханұлы соңғы аптада қажыларға түрлі тақырыптарда 500-ге жуық уағыз айтылғанын атап өтті. Ал пәтуаға жауапты Медет Құрмашұлы қажылардың 978 сұрағына жауап берілгенін жеткізді.

Сондай-ақ жиналыста миссия жанындағы медициналық орталықтың жұмысы туралы айтты. Дәрігерлер тобының жетекешісі Ардақ Айтбайұлы 1175 қажыға түрлі деңгейде алғашқы медициналық көмек көрсетілгенін баяндады.

Жиын барысында қажылық миссиясының жұмысын жетілдіруге қатысты ұсыныс-пікірлер айтылды. Сондай-ақ наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы Қажылық миссиясының Мекке қаласында ашылған жұмыс кеңсесінде бес бағыт, яғни уағыз-насихат, алғашқы медициналық көмек, ұйымдастыру-үйлестіру, пәтуа беру, ақпарат тарату бойынша белсенді жұмыс істеген қызметкерлерге алғысын білдірді.

Айта кетейік, биыл елімізден 5081 қажы парыз құлшылығын өтеді. Бүгін қазақстандықтарың алғашқы легі Джидда-Алматы бағытымен елге орала бастайды.

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.