15 мыңнан астам дәрігер шетелге көшкен

0
229

Елдің экономикалық жағдайы неғұрлым нашарласа, халқы да соғұрлым басқа жаққа көбірек көшетіні белгілі. Қазақстандағы секілді Түркияда да сұранысқа ие маман иелері елін тастап, шекара асуда деп хабарлайды Democrat.kz. ақпараттық порталы Fox-Haber-ге сілтеме жасап. 

Түркияның басты ақпараттар агенттігінің хабарлауынша,  шетелге түбегейлі көшіп кеткен дәрігерлер саны — 15 мыңнан асқан. Осының салдарынан уақыт өткен сайын науқастарды қабылдайтын дәрігер тапшылығы қатты сезілуде екен.

Түріктер бұл мәселеге қатысты өз шағымдарын айтуда. Дәрігерге қаралу үшін бір ай бұрын жазылмаса, кезекке іліну өте қиын екенін айтқан олар «кенеттен науқастанып қалсақ, жағдайымыз қалай болмақ?» деп алаңдайды.

Ал Германияға көшіп кеткен невропатолог Хакан Алиоғлы: «Күнкөрісіміз өте қиындап кетті. Алған 20-22 мың Түрік лирасы (шамамен 700 доллар) жалақымыз тамағымызға жетпейді. Түркияның қазіргі экономикалық жағдайы өте нашар. Күн санап кедейшілік, жұмыссыздық артып барады. Ал Германияда қазір дәл сол жұмысым үшін 2300 еуро жалақы аламын. Мемлекет тұратын тегін үй берді. Басқа не керек?»дейді.

Елден мамандардың кетуіне байланысты екі жыл бұрын Түркия Президенті Тайып Ердоған: «Кетсе, кете берсін!» деп күркіреген-ді. Өкінішке қарай, президент емес, халық дәрігер тапшылығының зардап шегетіні билікті қызықтырсын ба?

 

Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.