Дін қызметкерін бауыздап кеткен

0
282

Кеше, маусымның 23-і күні Дағыстанда екі терракт оқиғасы орын алды деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы ресейлік ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

 Лаңкестер бір уақытта екі жерде топалаң салған. Дербент қаласында синагоганы өртеп, шіркеу қызметкерін бауыздап кеткен. Ал Махачкалада полицейлерге оқ жаудырған.

Ресей ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, Дербенттегі оқиға кешкі 18-00-де басталған. Шіркеу қызметкері Николай 40 жылдан бері дінге қызмет еткен, ешкімге зияны жоқ қарапайым кісі болған. Оқиға орын алған тұста сыыртқа шыққан оны содырлар ұстап алып, пышақпен бауыздап кетті.

Махачкалада да лаңкестер шіркеу мен синагогаға шабуыл жасаған.

Қоғам белсендісі Шамиль Хадулаев терракт дәл осы күнге әдейі ұйымдастырылған болуы мүмкін дейді.Себебі кеше, жексенбі “Қасиетті Троица” діни мерекесі еді.

Қазірге дейін тарап жатқан ақпараттарда Дағыстандағы лаңкестікті Исламшылар жасады деген болжам бар.

Әзірге осы оқиғаның салдарынан 9 адам қаза тауып, 25-тен адам жараланған деген дерек бар.

Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев Ресей президенті Путинге қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты.

Фото ашық дереккөзден алынды.