Мектеп жасындағы қыздардың жүктілігі азаймай тұр

0
2073

Шымкентте 5 айдың ішінде кәмелекетке толмаған 55 қыз босанған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Шымкентте жыл басынан бері кәмелетке толмаған 73 қыз бала жүкті болған. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мамандары мәлімдеді. Олардың сөзінше, небәрі 5 айдың ішінде 17 жастағы 38 жасөспірім босанған.

«2024 жылы 5 айда қала бойынша босанған жасөспірімдер саны — 55. 2023 жылы 54 болған. 2024 жылы 5 айда қала бойынша РСБ порталынан босанған жасөспірімдер саны — 44. Оның ішінде 15 жасқа дейінгі — 1, 16 жаста — 5, 17 жаста — 38», — дейді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Дүйсенбаева.

Айта кетейік, статистикаға сүйенсек, елімізде орта есеппен 100 қыздың үшеуі кәмелетке толмай жүкті болады. Мамандар ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түрлі бағдарламаның жүргізіліп жатқанын айтады. Алайда нәтижесі әлі де көңіл көншітпей отыр.

Фото интернеттен алынды.