Қабірдегі адам атын «ерекше» етіп жазу дұрыс па?
Қазақстандағы әлеуметтік желілерде «ерекше қабір қазып», ешкімде жоқ мазар орнату туралы хабарлама жүр деп хабарлайды Democrat.kz.ақпараттық порталы.
Инстаграм, ТикТок сынды әлеуметтік желілерде «жақыныңыздың жаназасын атқарып, қабірін ерекше қазып, құлпытасын, мазар үйін басқаларға ұқсамайтындай етіп жасап береміз» деген хабарландырулар пайда болыпты.
О заманда бұ заман өлген кісіге «ерекше» қандай қабір қазылуы мүмкін? Бұл аз десеңіз, қайтыс болған кісінің басына тұрғызатын мазар үйін «ерекшелеп», атын керемет етіп жазып, тіпті қаласаңыз, түнде жарқырап көрініп тұратындай етіп, жарықтармен безендіріп береміз дейтіндер бар. «Мәйіттің мазарына атының бір әрпін жазу — 8500 теңге» дейді. Бұл қалай?
Қай қазақ қайтыс болған адамының аты зиратта жарқ-жұрқ етіп жанып тұрғанын қалауы мүмкін? Әлде шынында да сондай даңғойлар арамызда бар ма?
Осы сұрақпен біз хабарласқан шымкенттік наиб-имам Мұхит Кеңесбек: «Қайтыс болған кісіге ондай «әсемдіктің» түкке қажеті жоқ. Тіпті, өлген адамның басына даңғарадай етіп кесене тұрғызуды да дінімз құптамайды.
Егер қайтқан кісіге бір шапағатым тисін десеңіз, дұға бағыштаңыз. Аллаһтан оның біліп-білмей жасаған күнәларын кешіруді сұраңыз. Ал қайтыс болған кісінің атын жарқыратып, бадырайтын жазып қою — барып тұрған дарақылық!» дейді.
Фото көрнекілік үшін интернеттен алынды.
https://www.instagram.com/reel/C8Henc4N5DZ/?igsh=OWl6bzhocmdzNXZv